Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметінше, Қазақстандағы әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда үштен бір есеге аз болып шықты, деп хабарлайды КазТаг порталы.
"Әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысының шамамен 67,8%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер елдің батысында көбірек байқалады",- делінген Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға арналған 2022-2027 жылдарға арналған жаңа ел стратегиясында.
Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы жұмыссыз әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда 1,5 есе көп.
"Халықтың көп бөлігі әйелдерге және гендерлік рөлдерге қатысты дәстүрлі теріс пікірді ұстанады", - делінген құжатта.