Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Экологиялық мәдениет - ауылдан басталады

Еліміз бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Исатай ауданындағы күнделікті тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда.  2025 жылдың 2 қыркүйегі күні Жасқайрат елді мекенінде кезекті санитарлық жұмыстар ұйымдастырылды.

Игі бастама жергілікті әкімдік пен тұрғындардың бірлескен еңбегімен жүзеге асып, елді мекен маңындағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар тазартылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

«Таза Қазақстан» акциясы – тек қоқыс жинау емес, бұл – табиғатқа деген құрмет, ұрпаққа таза орта қалдыру жолындағы маңызды қадам. Мұндай шаралар арқылы халықтың экологиялық сауаты артып, туған жерге деген жанашырлығы күшейе түседі.

Жасқайраттағы бұл жұмыс басқа елді мекендерге де үлгі болары анық. Алдағы уақытта да тазалық жұмыстары жалғасын тауып, акция аясындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіле бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT