Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балалар арасында жұқпалы ауру таралатыны рас па?(+видео)

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мессенджерлерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, "Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады" деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат жалған. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған балаларға келген жұқпалы ауруды жоққа шығарды.

"Атыраудың провизорлық стационарларға балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр" деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді.

Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз" делінген баспасөз хабарламасында.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521