Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жасқа толатынын мәлімдеді.
«Алда зейнетақы жүйесін қайта қарау керек. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – на дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120% - ға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», - деді ҚР Президенті Қ.Тоқаев.