Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулықтар жеміс көшеттерін еге бастады

Атырауда балалар үйінің ауласына жеміс көшеттері отырғызылды. Шара «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Бұл менің ағашым» акциясы аясында ұйымдастырылған.

Студенттер мен оқушылар еріктілермен бірігіп, 200-ге жуық шие, алма, алмұрт көшеттерін отырғызды. Енді оларды ары қарай сол балалар үйінің жасөспірімдері күтіп ұстайды.

Басты мақсат – өскелең ұрпаққа табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершілікті үйрету және ағаштарды күтіп-баптау арқылы еңбекке баулу. 


Айнара Шапхат, ерікті:  Қазақстанымыздың экологиясын көтеретін шараларға ризамын. Өйткені ол әр адамның бойына сіңеді. Яғни, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты дұрыс ұстау өзімізден басталады ғой.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT