Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында 15 тоннадан астам қоқыс жиналды

Атырау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза жағалау» атты тазалық шарасы өтті.

Шараны Атырау облысы бойынша Экология департаменті мен «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бірлесіп ұйымдастырды. Оған әзербайжан ұлт өкілдері мен “GPC Investment” компаниясының қызметкерлері белсене қатысты. Акция барысында қатысушылар «Атырау» шағынауданындағы Жайық өзенінің бойын қоқыстан тазартып, өзен маңындағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосты. Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіповтың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.

– Таза орта – салауатты өмір кепілі. Әр тұрғын туған жердің экологиясына немқұрайлы қарамаса, қоршаған ортамыз да таза әрі әсем болады, – деді ол.

Биылдың өзінде облыс бойынша өткен экологиялық акцияларға 8 мыңға жуық адам қатысып, нәтижесінде 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Табиғатты қорғауға бағытталған мұндай игі бастамалар өңірде тұрақты түрде жалғасып келеді.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT