Отбасылық-тұрмыстық жанжалдар фактілері полиция шақыруларының негізгі бөлігін құрайды. Бұл 102 пультіне түсетін қоңыраулардың күнделікті мониторингінің нәтижелері.
- Атырау қаласында бір тәулік ішінде полицияға осындай сипаттағы 30-ға жуық шақырту келіп түседі. Олардың 20-ға жуығы түнгі уақытта түссе, 10-нан астам қоңырау күндізгі уақытта түседі.
Көбісі полицияны зорлық-зомбылықты тыныштандыруға шақырады, бірақ олар өздерін және балаларын болашақта үй тиранынан қорғау үшін өз құқықтарын қорғағысы келмейді. Статистика көрсеткендей, 80% жағдайда полицияға көмек сұрап келетін азаматшалар құқық бұзушыны кешіреді. Нәтижесінде, біраз уақыттан кейін отбасындағы жағдай қайтадан қайталанады,-дейді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Нұргүл Сарсенова .
Айта кету керек, 102 операторының пультіне түскен азаматтардың шақыруларына күнделікті мониторинг отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Осы отбасылармен профилактикалық жұмыстар өткізіліп, учаскелік инспекторлар отбасылық агерессорларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп отырады.
Полицейлер отбасында тек физикалық қана емес, моральдық-психологиялық тұрғыдан да кез-келген зорлық-зомбылыққа жол берілмеуі керек дейді. Панасыз қалған әйелдерге көмек көрсете отырып, жыл басынан бері дағдарыс орталығына 17 әйел, 51 бала орналастырылды.
Атырау қаласы полиция басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болып, Сізге біздің көмегіміз қажет болса, төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарласып, арыз жазуға немесе ақыл-кеңес алуларыңызға болатындығын еске салады.
102
Кезекші бөлім: 98-12-05
Сенім телефоны: 98-12-05
Ұялы:8 778 932 93 92