Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Атырауда «NCOC» компаниясы ерекше жандарға екі инватакси тарту етті

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының теңгеріміне өткен автокөліктер Қызылқоға және Исатай аудандарына берілді – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Инватакси» қызметі 2010 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Содан бері, облыс бойынша мұндай таксилер саны 25-ке жеткен болса, бүгін көлік саны тағы артты.

- Ендігі мақсат, шалғай  ауылдарға да инватакси қызметін жеткізу. «NCOC»  компаниясы тарту еткен көліктер Қызылқоға және Исатай ауданындағы шалғай ауылдардың ерекше жандарын тасымалдайды. Алдағы уақытта, мұндай көліктердің  санын арттырып өзге аудандардың да алыс ауылдарын қамтимыз – дейді  Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов .

«Газель» маркалы көліктер ерекше қажеттілігі бар жандарды тасымалдауға арналған.  Автокөлік ішінде арбаларға арналған арнайы көтергіш орнатылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз