Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 45-ке жетті

Ауру жұқтырғандардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелді.

Олардың екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам. Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған.

Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күн бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам ем алуда.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521