Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ақсақалын ардақтаған елміз

Қашанда, үлкенін сыйлап, қарттардан бата алған елде бақ-береке орнайтындығы белгілі.

Соған сай, «Арман» мәдениет үйінде «Қарттары бақытты елдің қадірі биік» атты салтанатты жиын өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев: – «Халқымызда қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі. Еліміз өз Тәуелсіздігіне қол жеткізген 30 жылдан бері қарттарымыз бен ардагерлеріміздің жақсы өмір сүруіне, қоғамдағы белсенділігі мен шығармашылық қызметтерінің әлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді.

89ea7c39-be87-4dfd-9cce-9189524423a9

Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ауданымызда да атқарылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақ үшін жасаған жақсылықтарыңыз үшін ризашылық білдіремін, – деп құттықтау тілегін жеткізді. Бұдан кейін кезек марапаттау рәсіміне беріліп, онда аудандағы қарттармен жүйелі жұмыс жасап келе жатқан Мақсот Карин, Жаубасар Мұхамбетов, Мереке Айжарықов, Қайырғали Ерекенов, Әділ Сәрсенғалиев, Сәрсенбай Қойшыбайұлы, Тізгінбай Өрбісінов, Серік Тұрыш, Ақниет Сахиевтер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шара одан әрі мерекелік концертпен жалғасын тауып, Нұржанат Нұрболатқызы, Ғибадат Тұрғали, Жұмагелді Әділ, Аманқос Нұржан, Зәуреш Жұмағалиевалар әннен шашу шашып, қазыналы қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Артынша аудан әкімінің мерекелік дастарханы жайылып, ол жерде мерейлі жасқа толып жатқан бір топ үлкендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521