Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮЗДІКТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

үздіктер марапатталды

    Жыл түгесілер тұста мекемелер мен ұйымдар өзінің жыл қорытындысын жасап, үздік қызметкерлерді марапаттап, өзгелерді ынталандыратыны белгілі. Бұл игі дәстүрден, Сағыз орта мектебі де тыс қалмай, «Жыл үздігі-2023» атты шарасын өткізді.

Шараны құттықтау тілекпен ашқан мектеп директоры Мейрамгүл Аяғанова мектептің жыл бойы қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, оған барлық қызметкердің қосқан үлесі зор екендігіне тоқталды.

  Бұдан соң мектеп үздіктерін ұлығылау рәсіміне кезек берілді. Бұл шараның бір ерекшелігі – жыл үздіктерінің есімі соңғы сәтке дейін құпия конвертте жасырылып тұрды. Үздіктерді марапаттаушы кеш қонақтары конвертті жиналғандардың көзінше ашып, есімін оқып,  салтанатты түрде марапаттады. Нәтижесінде Бағила Некесова – «Үздік ашық сабақ иегері», Гүлзада Жылқыбекова – «Үздік сынып жетекшісі», Гүлжан Шүкіртай – «Үздік шығармашыл ұстаз»,  Рысты Нұрсанова – «Сан қырлы ұстаз»,  Жайшылық Әділова – «Үздік тәлімгер», Аманжол Сисенов – «Үздік қызметкер», Анар Аманғалиева – «Үздік зерттеуші ұстаз», математика, информатика, физика бірлестігі – «Жұлдызды бірлестік», Жанар Ермағанбетова – «Үздік көшбасшы», Жұмақыз Сатыбалдиева –  «Үздік ұйымдастырушы» номинацияларымен марапатталды.  

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521