Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАС ЖҮЛДЕ АРУЖАН МЕН БЕЙІМБЕТТЕ

Тарихи тұлғаларды ұлықтау мақсатында өткізілген «Тұғыры биік тұлғалар» атты аймақтық этнофестивалінің термешілер мен күйшілер сайысы Ойыл ауылдық округіне қарасты  «Шалқыма»  мәдениет үйінде болды. Онда алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев құттықтау сөз сөйлесе, «Айтыс» қоғамдық қорының директоры Шынарбек Қабиев пен халықаралық «Айтыс» ақындары мен жыршы-термешілер одағы Атырау филиалының төрағасы Шалқарбай Ізбасаров шараның өткізілу барысына  тоқталды. Байқауға  Атырау қаласы, Жылыой, Махамбет, Мақат, Исатай, Қызылқоға және көрші Ақтөбе облысының Ойыл аудандарынан термешілер мен күйшілер қатысып, көрермендерді күмбірлеген күйге, көңілге көрікті ой ұялататын жырға бөледі.

Нәтижесінде, аймақтық күйшілер бойынша бас жүлдені Бейімбет Каримов (Атырау қаласы) жеңіп алса, І орынды Есет Махмут (Қызылқоға ауданы), ІІ орынды Зұлқарнай Қайратов (Атырау қаласы), ІІІ орынды Хамит Сағынбаев (Жылыой ауданы), Рамиль Елемесовтер (Махамбет ауданы) иеленді. Қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Ал,  термешілер байқауында бас жүлдеге Аружан Ерімова (Атырау қаласы) ие болса, І орынды Ризабек Серік (Жылыой ауданы), ІІ орынды Ұлан Жакенов (Қызылқоға ауданы), ІІІ орынды Әсем Бахитова (Исатай ауданы) мен Құралай  Құдиярова (Құрманғазы ауданы) еншіледі.  

Шара соңында «Шалқыма» мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, естелік суретке түсті.

 

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT