Ұлт руханиятының көрнекті өкілі, Мемлекеттік Әнұранның авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай Атырауда кең көлемді мәдени шара өтуде.
Шараға жиналған атыраулықтар еліміздің көк туы мен ақынның бейнесі бейнеленген ерекше мозайканы тамашалап, жергілікті және эстрада жұлдыздарының орындауындағы әсерлі әндерді тыңдауда. “Мұнайшы” стадионына жиналған халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Бұл — ұлт руханиятының ұлы тұлғасына деген құрмет пен елдік бірліктің айқын көрінісі.