Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық еріктілер 400 дана мектеп сөмкесін дайындады

Атырау қаласындағы еріктілер «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мектеп тауарларымен толыққан  сөмкелерді Жылыой ауданындағы әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға таратамыз. Бұл бастама «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауымен  «Теңіз жүрегі» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда. Бұл жобаға бір-екі ай бұрын дайындаламыз.  Дайын сөмкелер Құлсары қаласындағы №6 мектептің оқушыларына таратылады,- деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева.

Айта кетейік, «Теңіз жүрегі» жобасын «Теңізшевройл»  ЖШС қолдауымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры 2023 жылдан бастап жүзеге асырып келеді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT