Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

APEC PetroTechnic: жаңа оқу жылында 225 талапкер грант иегері атанды

«2025 — Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында еліміздің жетекші техникалық оқу орындарының бірі – APEC PetroTechnic Жоғары колледжінде баспасөз туры ұйымдастырылды. Онда оқу ордасының ғимараттары, зертханалары мен шеберханаларындағы материалдық-техникалық база таныстырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

APEC PetroTechnic Жоғары колледжі – еліміздегі мұнай-газ, техникалық және инженерлік даярлық саласында алдыңғы қатардағы білім беру орталығы. Қазір мұнда 1400 студент білім алады.  Биыл жаңа оқу жылына 800-ден астам адам тіркеліп, олардың 439-ы ағылшын тілінен қажетті балл жинаған. Соның ішінде 225 талапкер грант негізінде оқуға мүмкіндік алды. 

Колледждің оқу-өндірістік базасына мұнай ісі полигоны, цифрлық прототиптеу зертханасы (Fablab), электромонтаж және КИП зертханалары, дәнекерлеу цехы, заманауи химия және физика зертханалары кіреді. Сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін кітапхана мен медиаорталық жұмыс істейді.

-    Студенттер зертхана мен шеберханада өз мамандықтарына қатысты құрал-жабдықтармен танысып, практикалық сабақта еркін жұмыс алады. Бұл олардың маман атанғанда жақсы жұмыс істеп, дамуына үлкен көмегін тигізеді. Түрлі өндіріс саласында су ең маңызды ресурс саналады. Білім алушылар зертханадағы құрылғылар арқылы суды тазарту үдерісін меңгеріп, бу қондырғыларымен жұмыс істеуді өздері тәжірибе жүзінде үйренеді, - деді химия-технология және өндіріс арнайы пәндерінің оқытушысы Мейрамгүл Байгужиева.

Колледждің басты артықшылықтарының қатарында OPITO және IWCF халықаралық стандарттары бойынша аккредитация мен сертификаттау, студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған EuroSkills қозғалысына белсенді қатысу және халықаралық чемпионаттарға даярлау, сондай-ақ Испания, Швейцария, Қытай және өзге де мемлекеттермен стратегиялық әріптестік орнату бар.

Колледждің білім беру бағыттарына Бағдарламалық қамтамасыз ету, Автоматтандыру және басқару, Өндірістің химиялық технологиясы, Мұнай мен газ өндіру технологиясы, Бұрғылау және мұнай-газ ісі, Мұнай және газды пайдалану, сондай-ақ Электрмен жабдықтау мамандықтары кіреді. Оқу орнында 400 студентке арналған жатақхана бар.

Айта кетейік, колледжге тек жергілікті талапкерлер емес, Ақтөбе, Маңғыстау, БҚО және оңтүстіктен құжат тапсырғандар бар. Осындай қарқынмен APEC PetroTechnic Жоғары колледжі кәсіби шыңдалудың сенмді алаңы болмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT