Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Жасыл ел" жасағына ауданнан 100 жас тартылмақ

Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Жыл сайын қаншама студент бос уақытын тиімді өткізіп, туған жерлеріне аянбай қызмет жасауда. Бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл ағаш­тармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту.

Ең бастысы, жылына қаншама жастарды осы іске тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету. Биылғы жылы "Жасыл ел" бағдарламасы тек аудан орталығында, яғни Миялы ауылында өткізіледі. Жасыл елге құжаттарды қабылдауды облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының штабы жүргізуде. Құжаттар "ОНЛАЙН" арқылы қабылдануда.

Ескерте кететін жағдай ауданға бөлінген квота саны 100 жас. (Шілде 50 жас, Тамыз 50 жас) Ал, жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыс істеп, қаржы табуға мүмкіндік берген бағдарламаға бүгінде жастар арасында сұраныс жоғары. Бір аптаға жуық уақытта онлайн түрінде өтініш бергендер саны үш жүзден асқан. Қазіргі таңда құжат қабылдау аяқталып, облыстық штаб іріктеу жұмыстарын жүргізуде.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521