Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жастар орталығындағы қызықты ойын

Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудандық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ресейлік «Что? Где? Когда?» ойынының қазақша нұсқасы «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Оған аудан орталығына қарасты «Жасұлан», «Балдырған», «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасынан барлығы 9 ойыншыдан біріккен бір команда және көрермендер атынан құрылған екінші команда қатысты.

Ойын барысында логикалық бағытта 20 ұяшықтан құралған жазбаша және бейнесұрақтар қойылды. Оған ойынға қатысушылар жан-жақты жауап беріп отырды. Ал, ойыншылар арасынан «Жасұлан» балабақшасының тәрбиешісі Әсемгүл Қазмағанбетова ерекше тапқырлығымен көзге түсті.

Сайысты қорытындылаған аталмыш орталық директоры Нұрбол Бижанов барлық қатысушыларға Алғыс хат табыс етті.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521