Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

М.Жексенов басым дауыс жинады

Бүгін «Арман» мәдениет үйінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Ойыл ауылдық округі әкімі қызметіне үміткерлерді сайлау өтті.

Аталмыш округ әкіміне үміткер есебінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясына екі адам тіркелді. Онда сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов мәслихат депутаттарына сайлау маңыздылығын түсіндіріп өткен соң аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жолдас Ибрашев сайлау ережелерімен таныстырды. Сайлау жәшіктері тексеріліп, мөрленгеннен кейін аудандық мәслихат депутаттары өздері таңдаған үміткерге дауыс берді.

Нәтижесінде, үміткер Мағжан Жексенов басым дауыс жинап, Ойыл ауылдық округі әкімі болып сайланды. Миялы ауылының тұрғыны Мағжан Жексенов бұған дейін №1 негізгі мектеп, Миялы, Қаракөл, Ш.Еркінов атындағы орта мектептің директоры, аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі, Ойыл ауылдық округі әкімі лауазымдарын атқарды.

Ендеше, өмірлік тәжірибесі мол азаматтың сайлауалды бағдарламасының орындалуына, алдағы жұмысына жаңа серпін, жаңа жетістік тілейміз.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521