Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАС САРБАЗБЕН КЕЗДЕСТІ

Жастар ресурстық орталығында «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен  Отан қорғаушылар күніне арналған «Әскерім – қорғаным» атты әскери патриоттық кездесу өтті.

Оған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары М.Солтанов, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А.Төкенов, Жамбыл облысы Гвардеский қалашығы № 21, 450 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп келген Әділжан Талғатұлы қатысты. 
Шара барысында, жас сарбаз Әділжан Талғатұлына ауыл жастары сұрақтарын қойса, ол әскер де болған қызықты жәйттарымен бөлісіп, әскер қатарындағы кездерін еске алды. Жаға тігіп, мылтық шашып, жинауды көрсетті. 
- Әрине, қоғамның басты мәселесі -  әскер қатарына жастарымыздың  барғысы келмеуі. Бұл дұрыс емес.  Әскерде тәртіп жоқ деу қате. Бұны бүгін жас сарбаз Әділжан Талғатұлы  жастармен кездесуінде жоққа шығарды. Әркез біздің алға қойған негізгі мақсатымыз  – өсіп келе жатқан жас буынға бағыт-бағдар беріп, патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке баулу, - дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Ризабек Амантайұлы. 
Шара соңында жас сарбаз Әділжан Талғатұлы алғыс хатпен марапатталды. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT