Жақында «Инстаграмм» желісін қарап отырсам, бір танысым жеке чатқа «Оңай ақша тапқыңыз келе ме?» деп жазып жіберіпті. Ақша дегенде кім елең етпейді? Мен де қызығып әлгі танысымнан оңай ақшаның жолдарын сұрай бастадым.
Сөйтсем, ең әуелі 30 мың теңге ақша беріп компанияға кіріуім керек екен. Сосын артыма тағы 4-5 адам жинап, олар 30 мың теңгеден ақша беруі керек. Сонда ғана менің ақшам қайтып, үстіне қосымша ақша ала алам екен. Мұның қаржы пирамидасы екенін бірден түсіне қойдым. Сонда да журналисттік қызығушылығым оянып, осы тақырыпты індете зерттегенді жөн көрдім. Сөйтсем, желілік маркетинг деген біздің ауданның өзінде қанатын әбден жайып, тамырын тереңге жіберген екен. Әсіресе, қыз-келіншектер желілік маркетингке желімдей жабысып алыпты. Бірі ақша салып, енді бірі тауарларды сатып, қалғандары артына адам тартып түрлі жұмыстар жасап жатыр екен. Соның ішінде ауданымызда «Айба жанұя», «Ақ жол», «Мэри кей», «Орифлейм», «NI», «Нано бальзам» сияқты желілік маркетингтер көп таралыпты. Осы орайда, солардың бір қатарының өкілдерімен сөйлесіп, осы тақырыпта басқа да жауапты мамандардың айтар ойын білген едік.
Толығырақ «Қызылқоға» газетінің №16 санынан оқи аласыздар