Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАДЫМЫЗДА ЖАҢҒЫРАДЫ ӨШПЕС ЕРЛІК

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді тыл ардагерлері! Баршаңызды 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күннің әлемдегі ізгі ойлы адамзатпен бірге, біздің де төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл тұтқиылдан тап берген дұшпанды төрт жылға созылған сұрапыл соғыста жеңген ата, аға ұрпақтың рухына тағзым ететін және адамзаттың қас жауы фашизмді талқандаған ұлы ұрпақты ұлығылап, өшпес ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.

Ұлы Жеңіс қан майданға қасқая аттанған боздақтардың қаһармандығы мен тылдағы елдің жанқиярлық еңбегінің арқасында келді. Ел шетіне жау шапқанда майданға жүз мыңдаған отандастарымызбен қатар көптеген қызылқоғалық ер-азаматтар да аттанды. Көпшілігі қан майданнан оралмады, артта қалған ел-жұрты, ұрпағы үшін қанқұйлы дұшпанмен шайқаста қаза тапты. Бүгінде олардың есімдері мен рухтары халықтың жүрегінде мәңгі қалды. Жеңіспен елге оралған майдангерлер кейін туған жерде бел шешпей еңбек етіп, бүгінде барлығы өмірден өтті. Уақытқа төрелік жүрмейді, қазірде арамыздағы тыл ардагерлерінің қатары да сиреп барады. Бірақ, олар қалдырған елдің азаттығы мен ұрпақтың болашағы жолындағы ұлы ерлік шежіресі мәңгілік жазылып қалады. Ұлы Жеңіс даңқы арта берсін! Қаһарман аға ұрпақтың рухы мәңгілік жасай берсін!

Қанат ӘЗМҰХАНОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT