Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмыстар жүйелі атқарылуы керек

Жақында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында комиссия отырысы өтіп, онда мемлекеттік рәміздер, діни ахуал, жастар мәселесі қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев төрағалық еткен комиссияға ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары және «Бәйтерек» мешітінің бас имамы қатысты. Алдымен баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев аудан мектептерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін насихаттау және талапқа сай қолдану бойынша атқарылған жұмыстар, ауылдық округтер және елді мекендердегі мемлекеттік органдар мен мекемелердегі мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру, мәдени-көпшілік және спорттық шаралар кезінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен оқытушылардың діни киім кию туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, аталмыш жиында округ әкімдері мемлекеттік рәміздердің жағдайы мен оларды пайдалану, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған жұмыстар туралы баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстарды тізім шықты. Бұдан кейін аудандық жұмыстпен қамту орталығының директоры Нұрлан Бекешов жас кәсіпкерлердің белсенділігі туралы баяндады. Оның айтуынша аудан бойынша 55 адам кәсіпкерлік бағытта оқуға жолданып, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 30 адам 17 миллион 502 мың теңге көлемінде грант алған. Оның ішінде 12 жасқа (сұлулық салон, тігін ісі, пластик есік-терезе жасау цехы, ағаш шеберханасы, мал шаруашылығы мақсатарына) 7 миллион теңге қайтарымсыз мемлекеттен грант берілген.

Аудан бойынша тіркелген жас кәсіпкерлер саны 197 болса, шаруа қожалықтарымен айналысатын – 475 жас бар. Ал, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгерееваның айтуынша «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2009-2021 жылдар аралығында 412 маманға көтерме жәрдемақы, 121 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беріліп, барлығы 358 миллион 370 мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Биылғы жылдың алты айы бойынша 12 маман аталмыш бағдарлама бойынша құжат тапсырса, денсаулық сақтау саласының екі маманына тұрғын үй алуға 8 милиион 751 мың теңге бюджеттік кредит берілді. Баяндамалар аяқталған соң аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:

– Мемлекеттік рәміздер – мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Сондықтан рәміздерді қолдану және пайдалану заң аясында жүзеге асуы керек. Сонымен қатар, ауданда жұмыссыз жүрген жастарға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз несие алу жайлды түсінік жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуі керек. Жастарды қолдау күн тәртібінен түспейді. Ал, мектептерде оқушылардың мектеп формасын сақтап, дұрыс жүруі бағытында жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Ең бастысы осы және басқа да жұмыстар заң аясында, уақытылы және жүйелі жасалуы тиіс, – деп, комиссия отырысын қорытындылады.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT