Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайлаушылар белсенділігі жоғары

Жамбыл ауылдық округінде орналасқан &151 сайлау учаскесіне сайлаушылар ертемен өз таңдауларын жасауға асықты.

Сайлау учаскесінде 891 сайлаушы тіркелген. Оның 21-і қарттар, денсаулығына байланысты учаскеге қатынау мүмкіндігі жоқ егде сайлаушылар. Комиссия мүшелері көшпелі урна жәшігімен мекен-жайларына барып, дауыс беру құқығына сай, сайлаушылар өтінішін орындады. Сайлау учаскесінде 3 жасырын дауыс белгілеу кабинасы, 1 мүмкіндігі шектеулілерге арналған кабина талапқа сай жабдықталып, бақылаушылар сайлаушылар белсенділігіне қырағылықпен бақылау жасады. Бұл күні сайлау учаскесінде музыка қойылып, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған. Ертемен сағат 7-де учаскеге алғаш дауыс беруге келген сайлаушы Әлібек Өстеміров ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Ал кешкі 19:45-те соңғы сайлаушы Жайнагүл Жылқышиева урнаға бюллетень салып, сайлауға деген жауапкершілігін көрсетті. Сағат кешкі 20 сағатта дауыс беру аяқталып, комиссия мүшелері урна жәшіктерін ашып, дауыстарын санауға кірісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT