Жамбыл ауылдық округінде Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагері Марат Сәрсенғалиев кездесу болып өтті.
Онда алдымен Ауған соғысына қатысып, бақилық болған ардагерлерді бір минут еске алды. Қаракөл орта мектебінің директоры Арыстанбек Шарафеден ізгі тілегін жолдағаннан кейін мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагері Марат Сәрсенғалиевке өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кеш барысында, «Өмірді қайта жалғаңдар» өлеңін 10-сынып оқушысы Аружан Нығымет мәнерлеп оқыса, «Бейбітшілік сақталады» әнін 7-сынып оқушысы Қымбат Бернияз тамылжыта шырқап берді . Сөйтіп, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, елдік пен ерлікті үлгі еткен шара өз мәресіне жетті.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА