Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ»

Осындай тақырыппен жақында Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық тобында сынып сағаты өтті.

Шараға ата-аналар, ұстаздар қатысып, кішкентай бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Алдымен себет толы жеміс-жидектерін ұсынып күз ханшайымы ортаға шығып, топ бүлдіршіндерімен бірге ойын ойнап, жасырынған жұмбақтың шешуін тауып, ой сергітіп алды. Содан соң күз тақырыбында өлең шумақтарын айтып, әсем әуен ырғағында дөңгелене би биледі.

Сынып сағатын ұйымдастырып, балаларға жақсы көңіл күй сыйлаған сынып жетекшісі Янжу апайға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта балалардың білімін жетілдіріп қана қоймай тәрбиелік шаралар көптеп өткізілсе деген тілегіміз бар.

Оксана БЕКЕШОВА,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521