Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еңбек күші-өндіріс тірегі

ИНДЕР БАЙЛЫҒЫН ИГЕРІП ОТЫРҒАН «ИСИГИПСИНДЕР» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ОБЛЫСТА ЖЫЛ КӘСІПКЕРІ НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ. БҰЛ БАЙРАҚ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ТАБЫС ЕТІЛДІ. 

«ИСИГипсИндер» ЖШС бірнеше жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес гипскартонның 4 түрін нарыққа шығарып отыр. Әрі жергілікті жүздеген тұрғынды жұмыспен қамтумен қатар аудан бюджетіне бірден бір қомақты салық түсіріп отырған мекеме. Құрылтайшысы – елімізге инвестиция салған бірегей кәсіпорындардың бірі германиялық «Кнауф» компаниясы. ЖШС бас директоры – жергілікті азамат Жолдасқали Көшқалиұлы Үмбетияров.

– Неміс технологиясы әркез жоғары сапа мен дәлдікті, тиімділік пен тұрақтылықты талап етеді. Қазіргі таңда біз өндірістің осындай жоғары деңгейден көрінуіне бар күш-жігерімізді салып келеміз. Әрине «бес саусақ бірдей емес» дегендей, арасында қиыншылықтар да кездеседі. Дейтұрғанмен, көрсеткіштеріміз жаман емес, жоспарымыз орындалып, нарыққа сапалы өнім шығарып отырмыз. Оның дәлелі міне, облыс бойынша жоғары марапатқа ие болуымыз. Мен үшін, біздің кәсіпорын үшін бұл – үлкен мәртебе, тынымсыз еңбектің бағалануы деп білемін, – дейді бас директор Жолдасқали Көшқалиұлы сөзге тартқанымызда.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT