Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудың коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникамен толықтырылды

Қалалық коммуналдық қызметтердің қарамағына 15 жаңа вакуум-машина келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылға арналған жоспарға 20 бірлік вакуум-машина сатып алуға бюджеттік өтінім салынған. Оның ішінде бүгін Атырауға 15 бірлік келіп, тағы бесеуі мамыр айының соңына дейін жеткізіледі. Ассенизациялық машиналардың сыйымдылығы-10 тонна.

Бүгінгі таңда жаңа арнайы техника "Спецавтобаза" ЖШС автопаркіне жеткізілді. Вакуумдарға мемлекеттік нөмірлер алынып, техпаспорт пен сақтандыру рәсімделгеннен кейін вакуумдық машиналар тасқын суларды айдау жұмыстарына тартылатын болады,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521