Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі әлеуметтік нысандар құрылысының басым бағыттарын атап өтті.
Спикердің айтуынша, биылғы жылы Атырау облысында 13 нысан пайдалануға берілді: 724 орындық 2 мектеп, 1000 орындық 5 балабақша, 600 орындық 2 мәдениет үйі, 1 денсаулық сақтау нысаны, 480 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 100 орындық 1 жатақхана.
–Жыл соңына дейін жалпы алғанда 30 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда: 1244 орындық 6 мектеп, 1960 орындық 10 балабақша, 700 орындық 3 мәдениет үйі, 4 денсаулық сақтау нысаны, 70 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, қаладан шығатын жолдарда 4 стационарлық көлік полиция бекеті және мамандандырылған ХҚКО, – деді Нұрлан Ноғаев.
Атырау облысының әкімі айтып өткендей, келесі жылы 28 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады: 3264 орындық 7 мектеп, 850 орындық 3 балабақша, 1200 орындық 5 мәдениет үйі, 3 денсаулық сақтау нысаны, 123 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 450 орындық 3 жатақхана, 1 колледж, 1 лицей, оқушылар мен жастар сарайы, Құлсары қаласындағы кітапхана мен мұражай.
Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаевтың айтуынша Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру жұмыстары Атырау облысында бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Жалпы 127 маңызды іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде: 5 халықаралық, 2 республикалық, 75 облыстық, 45 қалалық және аудандық ауқымдағы іс-шаралар бар.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.