Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МИЛАД КАРИМИ БҮКІЛӘЛЕМДІК УНИВЕРСИАДАДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Бір алтын, бір күміс және бір қола.

Қазақстандық Милад Карими бүкіләлемдік универсиадада осындай жетістікке жетті. Студенттер арасындағы ойын дәл қазір Қытайжың Чэнду қаласында өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні спорттық гимнастика бәсекелері өтіп, ел намысын қорғаған Милад Карими сәтті өнер көрсетті. Әсіресе бөренедегі жаттығуда қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса еркін жаттығуда күміс, тірекпен секіруде қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, бұл – ұлттық құрама қоржынындағы екінші алтын. Бұған дейін таэквондошы Рита Бакишева да чемпион атанған болатын. 46 келіде ел намысын қорғаған ол финалда тайпейлік Хуань Инь Суаньнан басым түсті.

Сонымен қатар жалпы есепте 7 күміс пен 11 қоламыз бар. Әсіресе көркем гимнастика шеберлерінің жарысы біз үшін сәтті өтті. Бұл сында қазақстандық Эльжана Таниева 2 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни, доппен жаттығу додасында күміске қол созса,тағы бір жекелей сында үздік үштікті түйіндеді.

Дзюдошыларымыздың да аяқалысы жаман емес. Ұлттық құрама спортшылары 3 бірдей қола жеңіп алды. Атап айтқанда, орта салмақтардағы Сұңғат Жұбатхан мен Асқар Нарқұлов, бұған қоса 100 келіге дейінгілер арасында Бекарыс Сәдуақас жүлдеге ілікті.

Сұрмергендер жетістігіне де ерекше тоқталуға болады. Олар 2 күміс пен 1 қола еншіледі. Әсіресе тапаншамен нысана көздеу бәсекесінде Никита Чирюкин ІІ орынға тұрақтады. Артынша Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин үштігі командалық сында 1 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Осының арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте әзірге 20-шы тұр. Ченду қаласындағы студенттер ойындары 8 тамызға дейін жалғасады.

www.24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT