Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы тәжірибелік мастер-класс

Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау мақсатында 67 және 61 топ студенттері арасында «Жер жырту жұмыстарын орындау» тақырыбында тәжірибелік мастер-класс және жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында John Deere 6135B және 6155M тракторлары, сондай-ақ ПН-4-35 плугы пайдаланылып, студенттердің ауыл шаруашылығы техникасын меңгеру деңгейі мен жер жырту технологияларын орындау шеберлігі сараланды. Жарыс кезінде қатысушылар агрегатты дұрыс дайындау, жұмыс тереңдігін нақты реттеу, техниканы тура жүргізу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша өз кәсіби дағдыларын көрсетті. Аталған мастер-класс болашақ жұмысшы мамандардың тәжірибесін шыңдап, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға зор үлес қосты. Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға ұмтылғандары үшін алғыс білдіреміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT