Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Үстірт жазығы мен Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 2026 жылы енуі мүмкін

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайда жарияланған президенттік бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің айтуынша, Президенттің Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Үстірт жазығын және Маңғыстаудың жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.  

Осыған байланысты 17-24 қыркүйек күндері Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңестің (ИКОМОС) сараптамалық миссиясы аталған тарихи-мәдени мұра нысанын сараптамадан өткізді.  

Бұл жұмысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, археология және реставрация саласындағы қазақстандық сарапшылар қатысты.  

Сараптама барысында жерасты мешіттерінің буферлік аймағы мен шекарасын айқындау, консервациялау және қорғау, туристік инфрақұрылымды дамыту және тұрақты басқару мәселелері қарастырылды.  ИКОМОС миссиясының қорытындысы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін «Маңғыстау түбегіндегі жерасты мешіттері» номинациясының техникалық бағалауы бар сараптамалық қорытындысы дайындалатын болды.   Аталған нысанға қатысты түпкілікті шешім ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 2026 жылғы шілдеде өтетін отырысында қабылданады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығында ТМД аумағындағы алғашқы «Үстірт жазығы» бірлескен номинация жобасын қарастыру процесі басталды, – дейді Ерлан Қарин.  

Осылайша, Ұлттық құрылтайда жарияланған президенттік бастамаларды нақты жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT