Атырауда өткен халықаралық «Saraishyq Upgrade-2025» жастар форумы шабыт, жаңа таныстық және жеңімпаздармен есте қалды. Қазақстан мен көршілес елдерден келген 300ден астам жас 2 күн бойы мықтылардан дәріс тыңдап, шеберлік сағаттарында тәжірибе жинады.
Ал өз саласында ерекшеленген 6 талант 500 000 теңгелік сыйақы иеленді. Олар: • Бисембай Бағыт – хореография (Атырау) • Мағзомов Әнуарбек – маркетинг (Атырау) • Әбілов Махамбет – музыка (Атырау) • Әділов Нұрпейіс – кинематография (Атырау) • Айсағали Қуанышбек – театр (Атырау) • Балғабеков Еркебұлан – жасанды интеллект (Маңғыстау) Форумда арнайы қонақтар – Ғалымжан Молданазар, Әділ Ахметов және Айтөре Жолдасқали жастармен ашық әңгіме құрды. Маркетинг, жасанды интеллект тақырыптары да кеңінен талқыланды. Сарайшықтың тарихи атмосферасында өткен бұл форум – тек бас қосу емес, нағыз мүмкіндіктер алаңы болды.