Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Полицияға бағынбаған кім?(видео)

Кеше әлеуметтік желілерде Атырау қаласында тәртіп сақшыларына бағынбаған азаматты полиция қызметкерлері ұрып жатқаны туралы бейнежазба таралып, қоғам тарапынан қызу талқыға түскен болатын.

Бүгін аталмыш оқиғаға байланысты Атырау облыстық полиция дептартаменті өздерінің фейсбук парақшасында ресми түсінік берді. Полиция дептартаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша 12 сәуір күні сағат 21:20 шамасында полиция басқармасының «Батыс 25» экипажы Сәтбаев-Пушкин көшелері қиылысы бойында кетіп бара жатқан «Mercedes Benz» автокөлігін байқаған. Экипаж қызметкерлері тоқтатпақ болғанда көлік жүргізушісі талапты орындамаған. Дауыс күшейткіш құралымен бірнеше мәрте тоқтау туралы қайталағаннан кейін барып, жүргізуші көлігін Құлманов көшесі бойындағы «Атырау» сауда орталығы тұсына келіп тоқтатады. Экипаж мүшелері тексергенде жүргізушінің жүргізушілік құжаты жоқ екендігі және дәрігерлік сараптама қортындысымен «орта» дәрежелі мас екендігі де анықталды.

Қазіргі таңда аталмыш азаматқа қарсы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бірдей баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, сотқа жолданды. Сот қаулысымен 1986 жылы туған Атырау қаласы тұрғынына 45837 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 30 тәулікке қамауға алынған.

Ал, әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісін ұрып-соқты делінген «Батыс 25» экипаж қызметкерлерінің іс-әрекетін полиция дептартаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп жатыр.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521