Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыста 4088 гектардан 111 мың тонна өнім жиналды

Атырау облысындағы 4088 гектардан 111 мың тонна өнім жиналды. Қазіргі уақытта Махамбет, Индер ауданы мен Атырау қаласында орақ науқаны жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапановтың айтуынша, жиналған өнімнің арасында көкөніс, бақша өнімдері мен мал азығы бар.

- Егін жинау жұмысы маусым айында басталды. Жалпы жинау алаңы - 5260,7 Га . Қалған жұмыс қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы егін жинау науқанына 600 адам тартылды. Күзгі дала жұмыстарына 19 шаруа қожалығынан 154 тонна дизель отынына сұраныс түсті. Оператор кесте бойынша қазан айында шаруаларға жанармайды 238 теңгеден жеткізетін болады, - деді А.Қапанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521