Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОҢ ШЕШІМІН ТАПҚАН МӘСЕЛЕ

Сонау ғасырлардан бері ата-бабаларымыз көздің қарашығындай сақтап келген жеріміздің тағдыры осы кезге дейін талай тартыс тудырып, үлкен мәселеге айналып келгені баршамызға мәлім.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын естігенде көңілімізге ұялаған күдіктен арылдық. Бұл еліміз үшін де, келер ұрпақ үшін де оң шешімін тапқан мәселе болды.

Сонымен қатар, Президентіміз табиғи ресурстарға бай, құнарлы жерімізді дұрыс пайдалана білу, агроөнеркәсіп кешені мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіби мамандар тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы бағдарламалар мен шаралар әзірлеу тұрғысында Үкіметке тапсырма берді. Күнделікті тұрмыста керекті әлеуметтік маңызы бар тауарлармен халық өзін-өзі қамтамасыз ету керектігін баса назарда ұстап, ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болатындығын атап өтті. Келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерді пайдалану, су тапшылығын болдырмау туралы өзгерістер енгізілетіндігі, шаруагерлердің ауыр жұмыстарының дұрыс бағалануы шаруашылық кәсіптің дамуына ықпал етері анық. Бұл ауыл шаруашылығын дамытуға, төрт түлік мал басын көбейтуге, шет елдерден алынатын өнімдердің өз елімізде өндірілуіне негіз болатын бірден бір бастамалар болмақ. Елбасымыз өз жолдауында қазіргі таңдағы ахуалға байланысты еліміздің мұнайға деген тәуелділіктен арылып, ауыл шаруашылық кәсіптері серпін алатын кез екенін көрсетті. Ауылдан қалаға ағылған өнімдерге шектеу қойылмай, сұраныс жоғары болды.

Әрине карантиндік шектеулерге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан көлік, сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету сияқты кәсіпкерлік қызметтер барлық кәсіпкерлік субьектілерінің 22 пайызын құрады. Осы жылдың 7 айында ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің саны 1543-ті құрап, есепті мерзіммен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті. Өз кәсібін жаңадан ашуға, кеңейтуге және ауыл шаруашылығы техникаларын алуға былтырғы жылы 50 жоба 518,8 миллион теңгеге, ал осы жылы 67 жоба 309,3 миллион теңгеге қаржыланды. Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 62 кәсіпкер қайтарымсыз грант қаражатын алды.

Қазіргі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасының несие беру бағыты бойынша мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына 4 миллион теңгеге дейін, ал кәсіпкерлікті дамытуға 6 миллион теңгеге дейін 6 пайызбен несие берілсе, облыстық бюджет арқылы “Ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы бойынша 7 пайызбен қаржыландыру жалғасуда. Алдағы тоқсанда «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі грант қаражатына облыста конкурс өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы пандемия кезінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекеттік субсидия беруді тапсырды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұл қолдаулар кәсіп иелерінің алға қарай дами түсуіне септігін тигізіп, бұл кезеңнен де тайсалмай өтетінімізге сенімім мол.

Зинеш САРБУФЕЕВА,

аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521