Атырау қаласында дәріхана тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер 18 маусымға қараған түнде дәріхана тоналғанын мәлімдеді.
Дәріхана Азаттық көшесінде орналасқан. Белгісіз біреу пластик терезені қысып кіріп, ноутбук пен дәрілерді ұрлаған. Полицейлер ұрлыққа күдікті 26 жастағы ер адамды ұстаған.
Қазір Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.