Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕНІҢ ӘКЕМ...

АТА-АНА ТӘРБИЕСІН КӨРГЕН АДАМ ОНЫ ӨМІР БОЙЫ ҰМЫТПАЙТЫНЫ СӨЗСІЗ. АНАМЫЗ НАҒИМА КӘРІМҚЫЗЫ ЕҢБЕКТЕ ПЫСЫҚ, ТҰРМЫСТА ТАЗА ЖҮРЕТІН НӘЗІК ЖАННЫҢ БІРІ ЕДІ. АТА-АНАМЫЗДАН ОТБАСЫНДА ҰШТАП, ӘСИЯ, ӘЛИЯ, БОЛҒАН, ЖАҢЫЛҚАН – БЕС ҚЫЗ ӨСТІК.

Жайлау төрінде тамағымыз тоқ, киіміміз көк боп бойжеттік. Анам үй ішін таза ұстайтын. Бір нәрсе шашылып, кез келген жерде жат- пайтын, жинақы болатын. Жүрісі ширақ, істеген ісі өнімді, үстіне киген киімі қонымды. Бесеумізді үй шаруасына баптап, қонақ келсе оларға ілтипатпен қызмет көрсетуді, тарпаңдап жүрмеуді, қатты күлмеуді үйретті, әдепсіз қылықтарға жол бермейтін.

Қонаққа сойылған қойдың ішек- қарынын тазалау, оның әрбір жілігін кімге беру керектігін жалықпай түсіндіретін. Мұның пай- дасын ес біліп, отбасылы болған соң білдік. Ибатолла ініміз еркін өсті, бір нәрсені бүлдірсе ұрыспайтын, жайлап түсіндіретін. Біздерге Ибатоллаға қарсы бір сөз айттырмайтын. Анамыз әкемізді қатты сый- лайтын. Тіпті, мінген атын ерттеп беретін. Әкем Кенжеғали Ықыласұлы тәртібі әскери адамның тәртібіндей, сырт келбеті қатал жан еді. Жақтырмаса, отты көзімен бір қарайтын. Бізге сол көзқарасының өзі-ақ жеткілікті. Бірақ жүрегі мейірімді. Қалаға шаруаекі-үш ай атқыштар ротасында атқыш мамандығын жақсы меңгеріп, содан соң майданға аттанды. Еуропаның жаңбырлы, лайсаң, батпақты жерлерінде бауырын сызға төсеп, күні-түні міз бақпай соғысты, борап жатқан жаудың оғынан аман қалу қайдан оңай болсын? Әкем бірнеше жерден ауыр жараланды. Далалық госпитальде емделіп, одан әрі қарай қалалардағы тұрақты госпитальдерде жалғастырып, ақыры жүруге жарамағасын әскери комиссия елге қайтарды.

Елге келген соң әуелі Бөдене ауылындағы Сталин атындағы кол - хозда жылқышы болды. Кейіннен бұл колхоз Жарсуат ауыл советіне қарасты Махамбет атындағы колхозбен бірігіп, 1963 жылы Жамбыл атындағы совхозға айналды, әкем сонда ұзақ жылдар жылқы бақты. Жылқы бағу оңай шаруа емес. «Ата-бабаларымыз жылқы бақса жандікі, бақпаса желдікі» деп бекер айтпаған. Боранды, жауын- шашынды күндері күні-түні мал күзететін. Ерінбей еңбектенгеннің арқасында әкем қарамағындағы 180 бас жылқыны жүз пайыз аман сақтады. Оның 67-сі аналық болатын. Қасқырға жем қылмай, қорғаштады. Сол жанкиярлық еңбегі үшін үкімет әкемді «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапаттады. Әкеміз Мәскеудегі Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты. Республика, облыс, аудан және совхоз басшылығы тарапынан көптеген мадақтау қағаздарын алды. Кейін анамның сырқатына (ұзақ ауырды) байланысты, емдету үшін амалсыз жұмыстан шықты, жылқыларды тапсырды. Аудан орталығына көшіп келіп, 1974 жылы зейнеткерлікке шықты. Ата-анамыздан тараған ұл-қыздары бүгінде жапырақтары жайы - лып, ұл-қыз өсіріп, немере-жиен, шөбере көріп, құда-құдағи атанып, зейнеткерлікке шықса, ал ұрпақтары қоғамның әр саласында елдің да - муына өз үлестерін қосып, алдыңғы қатарда еңбек етіп жүр.

Міне, «өткенсіз бүгін ж оқ» дегендей, биыл анамыздың бақилық болғанына – 54, әкемізге 41 жыл толды. Ата-анамызды сағынышпен еске алып, құран бағыштап, ас беріп, көз көргендердің естелік әңгімелерін тыңдап, сағынышымызды басқандай болдық. Өзіміз есейген сайын, ата-анамыздың мейірімді жүзі мен нұр шашқан көздерін, байсалды мінезін, азаматтық бейнесін, салауатты тұлғасын көргіміз келеді де тұрады. Ата-анамыздың өмірдегі ізгі жолы, ұстанған әдеп-ғұрпы, қазақи дәстүрі әлі де көз алдымызда, жүрегімізде мәңгі сақталып тұр. Соғыс салған жарақаттың салдарынан қартаймай дүниеден ерте кеткені өкінішті. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Лайым, аспанымыз ұдайы ашық, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай!

Әсия КЕНЖЕҒАЛИҚЫЗЫ,

Индербор кенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT