Бурабайда Мемлекет басшымы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өткені белгілі. Амал мерекесімен тұспа-тұс келген алқалы жиынға құрылтай мүшелері, мәжіліс депутаттары мен өңірлерден келген делегаттар қатысты.
Жиында сөз алған президентіміз барша қазақстандықты Амал мерекесімен құттықтап, елімізде жан-жақты реформалар жүргізуде Ұлттық құрылтайдың ерекше рөл атқарып келе жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы:
“Біз бір ел, бір халық болып, елеулі өзгерістерді бірге жасап жатырмыз. Қазақстанның саяси жүйесін толық жаңғырттық. Жаңа экономикалық бағдарымызға сай енді нақты жоспарымызды жүзеге асыратын болдық. Халыққа негізгі саясатымызды дұрыс түсіндірейік. Жаппай жұртқа үлгі болайық. Ел ішіндегі дарынды, қабілетті азаматтарға, ең алдымен, жастарға жол берейік. Біз бір ел, бір халық болып, елеулі өзгерістерді бірге жасап жатырмыз. Қазақстанның саяси жүйесін толық жаңғырттық. Жаңа экономикалық бағдарымызға сай нақты жоспарымызды жүзеге асыратын болдық. Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз” деді.
Бұдан бөлек құрылтайда ел арасында қызу талқыға салынған қосымша құн салығы, бірыңғай уақыт белдеуі, жат ағымға тосқауыл қою, халықтың қаржысын қалтасына басқан қайырымдылық қорларын жабу, ақылы курстар, сатқын коуч-психилогтарға тоқтау салу, атом электр стансасын салуды жеделдету сынды өзекті мәселелер көтерілді. Бұдан бөлек құрылтайға қатысушылар арасынан Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко, Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекзат Алтынбеков, Team Qazaqstan жобасының жетекшісі Олжас Сүлеймен, құқық қорғаушы қайраткер Айгүл Орынбек және Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Құлекеевтер сөз сөйлеп, елдегі түйіткілді тақырыптарды көтерді. Қысқасы бұл жолғы жиынның мәні де, маңызы да жоғары болды.
Өтеуғали Дүйсәлі,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы