Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аланы дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру 2026 жылдан басталады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Министр келтірген өзекті деректер бойынша ІҚМ саны 8,3 млн басқа, қой мен ешкі – 21,3 млн, жылқы – 4,4 млн басқа жеткен. Әрі қарай өсуді қамтамасыз ету үшін құжат айналым қаражатын толықтыруға, асыл тұқымды мал сатып алуға және шалғай жатқан жайылымдар инфрақұрылымын дамытуға жеңілдікпен несие беруді көздейді. Сондай-ақ етті мал шаруашылығындағы аустралиялық тәжірибені жергілікті жерге бейімдеу бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.
«Мал шаруашылығын қолдау көлемін келешекте арттыра отырып, кемінде 200 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Аталған қаражат сонымен қатар қарқынды өсімге негіз болатын аналық мал импортына жұмсалады»,
— деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі.



