Қытай алғаш рет Германия мен Жапонияны басып озып, ең роботтандырылған елдердің үштігіне енді. Қазір Қытайда әр 10 000 қызметкерге 470 роботтан келеді. Әлемдегі зауыттарда жалпы 4 миллионнан астам робот жұмыс істесе, олардың жартысынан астамы Қытайдың үлесінде (276 мың). Ал әлемдік көшбасшы – Оңтүстік Корея (1012 робот), екінші орында – Сингапур (770 робот). Өнеркәсіптік роботтардың тығыздығы бойынша Еуропа алда тұр (әр 10 000 жұмысшыға 219 робот), Солтүстік Америкада – 197, Азияда – 182. Осы қарқынмен жұмыстың бәрін роботқа жүктейтін күн де алыс емес секілді.
Жаңа веб-браузер
«OpenAI» компаниясы ChatGPT негізінде жұмыс істейтін іздеу функциялары жақсартылған веб-браузер жасауды қарастырып жатыр.
Компания ChatGPT-мен біріктірілген браузер жасау мүмкіндігін зерттеу үстінде. Алайда өнімді іске қосуға әлі ерте. Дегенмен «OpenAI», «Conde Nast», «Redfin», «Eventbrite» және «Priceline» сияқты бірнеше ірі компаниямен келіссөздер жүргізіп үлгерген. Сонымен қатар «OpenAI» жасанды интеллектіні «Samsung» смартфондарына қосу мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Бұл компания «Google»-дің негізгі серіктестерінің бірі саналады. Бұған дейін «OpenAI Apple» компаниясымен серіктестік орнатып, технологиялары «Apple Intelligence» функцияларында қолданылған.
Күн батареясының қуаты керемет
Ғалымдар күн батареяларының тиімділігін 125%-ға арттырды.
Ұлыбритания, Португалия, Бразилия зерттеушілері торлы құрылымның орналасуын өзгерту арқылы кристалдық кремнийдің тоқ өндіру қабілетін жақсарта түсті. Зерттеу барысында батареяның фотон аймағын шахмат тақтасы тәрізді модельдеп, оны басқа құрылымдармен салыстырған. Нәтижесінде, кездейсоқ орналасқан элементтері бар шахмат үлгісі басқа конструкциялардан көбірек тоқ өндіретіні анықталды. Бұл құрылым 125%-ға тиімді болып отыр.