Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу керек - депутат

фото: https://adyrna.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса діни теріс ағымдардың бәріне заңмен тосқауыл қою мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті әріптестер, діни радикализмге заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті. Өйткені олар ұлтты жою күресін қатты қарқынмен жалғастырып келеді. «Ақ жол» партиясы Парламентте талай жылдан бері діни теріс ағымдарға тосқауыл қоятын заң қабылдауды ұсынып келеді. 2011 жылы бұл мәселені билік те қолға алып, барлық министрлік пен Бас прокуратура және Жоғары сот та қолдаған еді. Тек Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарсы шығып, осы тыйым салу бабы заңға енбей қалды», - деді Қазыбек Иса Үкіметке және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, қазіргі шет елге барып, күмәнді оқуларда бірнеше ай оқып келген теріс ағымды ұстанған «ұстаздар» түрлі насихат айтып жүр.

«Қазір ән әлемінде, айтыста, спортта да тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері дінді жамылып алып, әріптестері мен әнсүйер қауымды өз «салттарына» кіргізіп жатыр. Олардың бұл әрекеттеріне тыйым салуымыз керек. Діни теріс ағымдағылар елді екіге бөліп, мылтықсыз-ақ мыңдаған жастарымызды қазақтың қатарынан шығарып қана қоймай, ұлтты жою үшін елге қарсы қауіпті күштерге айналдырып жатыр. Дінге, тілге, жерге қарсы тұрған теріс ағымдардың бәріне заңмен тосқауыл қойылуы тиіс. Ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел бірлігіне балта шауып, мемлекетке тағы да қатер төндіріп жатқан діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу қажет», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «домбыра-харам» дегендерге жауап берген еді.

«Менің ойымша, «домбыра- харам» деп жүргендер ғасырлар бойы қолынан домбырасын тастамаған бабаларымызды «күнәхар» қылғаны ғой?! Сондықтан халықты адастыруға жол бермеуіміз керек. Депутат өте орынды сауал жолдап отыр», - деді Е. Қошанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT