Жастар арасында құқықтық мәдениет пен тәртіпке баулуды көздейтін патриоттық іс-шаралар аясында «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушылары Атырау облысы полиция департаментінде болды. Іс-шара барысында оқушылар Жылдам әрекет ететін арнайы жасағы қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, өзін-өзі қорғау әдістерін және спорттық құрал-жабдықтарда дене дайындығының түрлі элементтерін тамашалады.
Көрсетілімдер барысында жасөспірімдер полиция қызметімен жан-жақты танысты. Іс-шара соңында Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қайыржан Дүйсенбаев белсенділік танытқан оқушыларға алғысын білдіріп, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаевтың атынан «Сармат» лицейінің ұжымына алғыс хат табыстап, белсенді оқушыларды марапаттады.