Жұмысшы мамандығы — атауы қарапайым болғанымен, мәні өте биік. Ол — таңнан кешке дейін үнсіз тер төгетін, алайда ел экономикасына орасан үлес қосатын нағыз еңбек адамы. Елімізде өткен еңбек құрылтайларында да осы мәселе жиі қозғалып, "Еңбек адамына лайықты құрмет — елдіктің нышаны" деп айтылды.
Құрылтайда қозғалған басты ойлардың бірі: еңбек адамының абыройын көтеру — ұлттық идеологияның бір бөлігіне айналуы керек. Себебі жұмысшы — ел игілігінің бірінші орындаушысы. Олар — үнсіз еңбек етсе де, ел тағдырын үнсіз өзгертетін жандар.
Нағыз жұмысшы — кәсіпке адал, уақытқа дәл, еңбекке жауапты. Осындай азаматтарсыз мемлекет те, ұлт та дамымайды. Бүгін біз оларға тек алғыс айтып қана қоймай, оларға жағдай жасап, болашағына сенім ұялата білуіміз керек.
Қарапайым жұмысшы — бұл ұлы атақ. Себебі ол – іспен сөйлейтін, елдің іргесін берік ететін адам.
Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ