Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Болашаққа бағытталған құнды қадам

2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау – біздің қоғамымыздың еңбек адамдарына деген шынайы құрметінің айқын көрінісі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір шешімі, сөзсіз, еліміздің индустриалды және әлеуметтік дамуындағы жаңа кезеңді бастаған қадам болмақ. Сонымен қатар бұл бастама техникалық мамандарды қолдауға бағытталған бірқатар тиімді шараларды жүзеге асыруға түрткі болары сөзсіз.

Жұмысшы мамандықтарының өзі – ел экономикасының қозғаушы күші. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер, құюшылар секілді мамандар күнделікті өз өмірін қауіпті жағдайларда өткізіп, елімізді әрі қарай дамытып келеді. Сондықтан олардың еңбек жағдайларын жақсарту, сол арқылы қоғамның әл-ауқатын арттыру – біздің ортақ міндетіміз.

Президенттің бастамасы бойынша іске қосылған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы осы мақсатты жүзеге асырудың маңызды бір қадамы. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларындағы мамандарға баспана алу мүмкіндігі берілуі, сөзсіз, олардың өмір сапасын арттырады, әлеуметтік қолдауды қажет ететін осы топтың тұрмыстық мәселелерін шешуге ықпал етеді. Бұл шара халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің тұрақты дамуына да оң әсерін тигізетін болады.
Мен өз тарапымнан осы бағдарламаны толық қолдаймын.

Дегенмен, тек 2025 жылмен шектелмей, болашақта да жұмысшы мамандықтарының дамуына және олардың әлеуметтік жағдайына қосымша қолдау көрсетілсе, бұл ел экономикасының әрі қарай өркендеуіне көп септігін тигізетіні сөзсіз.
Қорыта айтқанда, «Жұмысшы мамандықтары жылы» бағдарламасы тек қана кәсіби мамандардың еңбек жағдайларын жақсартуға ғана емес, еліміздегі әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге де үлкен ықпалын тигізеді. Алдағы уақытта мемлекетіміздің әрбір азаматын қолдай отырып, елімізді одан әрі гүлдендіре беретінімізге сенімім мол.

Балжан ИБАТҚЫЗЫ,
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT