Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымында «Қазақстан» бөлмесі ашылды

KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италияға жұмыс сапары аясында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында министр ұйымның 80 жылдығымен құттықтап, оның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру басталғанын атап, осы бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін айтты.

Тараптар өзара іс-қимылды ілгерілету жолдарын талқылап, су ресурстары саласындағы серіктестіктің екінші бағдарламасын құру мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу соңында Е. Көшербаев пен Ц. Дунъюй ұйымның барлық мүше мемлекеттері мен хатшылығы үшін ашық көпфункционалды кеңістік болып табылатын ФАО штаб-пәтеріндегі «Қазақстан» бөлмесінің ресми ашылуына қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген министр бұл іс-шара 1997 жылы еліміз ұйымға кірген сәттен басталған Қазақстан мен ФАО арасындағы тығыз және жемісті ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтті.

    — Соңғы жылдары біздің БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, оның ішінде Қазақстан-ФАО серіктестік бағдарламасы шеңберінде өзара іс-қимылымыз негізгі секторларда кең ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл залдың ашылуы тек ізгі ниет қана емес, сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен қағидаттарына деген бейілділігіміздің айқын дәлелі, — деп атап өтті Е. Көшербаев.

Айта кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркі мемлекеттері ұйымы саммиті кезінде цифрландыру саласында Астана мен Баку байланыстарына қосымша серпін беру үшін IT мамандарының форумын өткізуді ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT