Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысы толығымен цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесіне қосылды

2025 жылғы 12 қазанда Исатай ауданының Аққыстау ауылында цифрлық эфирлік телехабар тарату (ЦЭТТ) желісінің жаңа радиотелевизиялық станциясы (РТС) іске қосылды.

Жаңа станцияның іске қосылуының нәтижесінде Исатай және Махамбет аудандарындағы 14 елді мекеннің шамамен 24 мың тұрғыны заманауи цифрлық телехабар тарату қызметтеріне қол жеткізді.

Аққыстау РТС — Атырау облысында ЦЭТТ жобасы аясында салынған және пайдалануға берілген *18-ші әрі соңғы цифрлық станция. Бұл жобаның толық аяқталуымен өңір **толықтай цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесімен қамтылды*.

2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыс аумағында *аналогтық телехабар тарату толықтай тоқтатылады. Осыған байланысты тұрғындарға **алдын ала дайындық жасап, цифрлық телехабар таратуға көшу ұсынылады. Цифрлық арналарды қабылдау үшін **дециметрлік антенна* қажет.

Цифрлық телехабар таратудың негізгі артықшылықтары:

* Жоғары сапалы бейне (кедергілерсіз);
* Таза әрі кеңістікті дыбыс;
* Ауа райының қолайсыздығына төзімді тұрақты сигнал;
* Көптеген телеарналарды *тегін* көру мүмкіндігі.

Барлық сұрақтар бойынша *193* қысқа нөміріне немесе *+7 (800) 080 01 93* тегін нөміріне қоңырау шалуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT