Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
«Worldskills Kazakstan-2023» республикалық чемпионаты 23-25 қараша аралығында Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өтті.
Мұнда колледж студенттері кірпіш қалау, шанақ жөндеу, бастауыш сыныптарға сабақ беру, бизнеске арналған IT шешімдер, қонақүйдің қабылдаушысы, аспаздық, шаштараз және т.б. 30 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін ортаға салды.
Додаға еліміз бойынша 22 жасқа дейінгі 545 студент қатысты. Чемпионатқа Атырау облысынан 32 студент қатысып, бақтарын сынады. Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша Атырау құрама командасы 1 алтын, 3 қола медаль және 7 «Үздік маман» медальонын иеленді. Айта кетейік, жеңімпаздар келер жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысады.