Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

                                                                                                                                                   

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ерлан Ермаханбетовтің айтуынша, департаментке келіп түскен арыз негізінде жүргізілген тексерумен Атырау облысы Атырау ауылдық округі әкімінің м.а өзіне бағынышты бас маманды демалыс күні негізсіз жұмысқа шақыру фактісі анықталды.

Нәтижесінде, аталған қызметкерге демалыс беру туралы бұйрық шығарылып, құқығы қалпына келтіріліп, сәйкесінше бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға тәртіптік шара қолданылған.

- ҚР Мемлекеттік қызмет туралы және еңбек заңнамасының талаптары негізінде жұмыстан тыс, шұғыл істелетін, демалыс және мереке күндері тартылатын жұмыстарға мемлекеттік қызметшілердің жазбаша келісімдері болуы қажет. Бұл ретте, департаменттің тарапынан Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - деді Ерлан Ермаханбетов.

Меморандумның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, икемді жұмыс кестесін құру, еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтату.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521