Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «Қазақстандағы полиэтилен өндірісі мен қолданылуы» семинары қорытындыланды

Атырау облысындағы мұнай-газ химия өнеркәсібінің даму болашағы және бұл саладағы мансаптық мүмкіндіктер туралы студенттерді хабардар ету мақсатында «Каспиймунайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ мен «Silleno» ЖШС бірлесіп «Қазақстандағы полиэтилен өндірісі мен қолданылуы» тақырыбында ақпараттық-танымдық семинар өткізді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін ұйымдастырылған жобаның алғашқы бөлімі КИП және автоматика жүйелеріне қатысты зауыттың құрылысын қамтыса, екінші фаза полиэтилен өндіру зауытына қатысты өтті.

- Жас мамандарды қызметке алу барысында алдымен ресми түрде жұмыспен қамту бөлімі арқылы тіркеу талап етіледі. Бұл химиялық зауыт болғандықтан жұмысқа тек осы салаға қатысы бар, білікті мамандар ғана қабылданады. Іріктеу конкурстық негізде өткізіледі. Яғни, сараптамадан сәтті өткен, өз қабілетін жоғары деңгейде көрсете алған үміткерлер жұмысқа қабылданады,- деді Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер Нұржан Нұрмұханов.

Айта өтейік, семинарға 50 шақты студент қатысып, өздерінің көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT