5 мамырда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Көктем – 2024» шақырылымы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Сарбаз өміріндегі айтулы шараға ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы полковник А.Абесов, Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттінің бастығы полковник Э.Шингалиев, Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Т. Нұржігітов, Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Әбіш және сарбаздардың ата-аналары қатысты. Көктемгі шақырылымда ел шебін берік күзеткен шекарашылар қатарын еліміздің барлық өңірінен жасақталған 120-ға жуық сарбаз толықтырды.
Салтанатты шарада департамет құрамындағы «арнаулы ұтқыр іс-қимылдар» тобының ұйымдастыруымен жауынгерлік ұрыстағы жаттығулар мен патриоттық мазмұндағы музыкалық номерлер қойылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі